«Қазхром» халықаралық EcoVadis платформасының күміс медалін иеленді

Жаңалықтар Корпоративтік жаңалықтар

«Қазхром» халықаралық EcoVadis платформасының күміс медалін иеленді

Компания 100 балдың 75-ін жинап, ең жоғары нәтиже көрсеткен компаниялардың 15 пайызының қатарына енді.

EcoVadis – компаниялардың орнықты даму саласындағы жұмысын бағалайтын тәуелсіз халықаралық платформа. Бағалау төрт бағытты қамтиды: қоршаған орта, еңбек және адам құқықтары, этика және тұрақты сатып алу.

– Корпоративтік тәжірибеміздің сапасы бірнеше жыл қатарынан EcoVadis тарапынан тәуелсіз бағаланып келе жатқаны біз үшін маңызды. Клиенттеріміз үшін бұл Қазхромның бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық қағидаттарына сай екенінің тағы бір дәлелі. Бұл біз үшін соңғы меже емес, жұмысты одан әрі жетілдіруге бағыт беретін көрсеткіш, – деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Ержан Абдулабеков.

https://recognition.ecovadis.com/PCEvizDPRkaNpgjbbYqL4w